ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырым жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасты.
 
Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3.
 
MPV магнитудасы –5.9.
 
Тереңдігі – 5 км.
 
Эпицентр координаттары - 40.37° с.е. 50.86° ш.б.
 
MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.