Алматы облысында Қарасай ауданындағы Қошмамбет ауылы мен Шамалған стансасы арасындағы тас жолда мектеп оқушысы қаза тапты. Жол-көлік апатына ұшыраған оқушы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды,-деп хабарлайды el24.kz ақпараттық порталы тілшісі, Zakon.kz.ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, ол қосымша сабақтан шығып, Қошмамбет ауылындағы үйіне қарай бет алған. Шамамен сағат 17:00-де Шамалған станциясынан келе жатып, ол мотоциклімен Toyota Camry көлігіне соғылып, ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапқан. Баланың есімі Ибраһим екені мәлім болды, ол жергілікті мектептің 11-сыныбында оқыған. Тұрғындардың айтуынша,тас жолдың осы бөлігінде жол-көлік апаты жиі болады.