– ҰҚК Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, 5 қазан күні терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады.


Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту үргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық әрекеттері үшін сотты болған.