Шымкентте 2 жасар сәбиді туысы 4-қабаттың терезесінен тастап жіберді, -деп el24.kz тілшісі  хабарлайды Kazinformға сілтеме жасап.


Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған. Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген. Қазір сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.

«Жедел жәрдем қызметінен кеше кешкісін баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.