Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жол апатында төрт жасар бала ми жарақатын алды.
Бұл жөнінде el24.kz тілшісі Zakon.kz. ке сілтеме жасап хабарлайды.Баланың басы екі көліктің арасына қысылып қалған.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 24 қарашада хабарлағандай, Қордай өңіріндегі жантүршігерлік жағдайдан кейін облыстық полиция ата-аналарға ескерту жасады.
Полицияның мәліметінше, жол апаты салдарынан төрт жасар бала ми жарақатын алған. Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған. Полиция қызметі баланың қазіргі жағдайын нақтылаған жоқ.
"Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау – ата-ананың басты міндеті екенін еске салады", – делінген Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Жол полициясы 2023 жылдың он айында балалардың қатысуымен 284 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, салдарынан 23 кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 353-і жарақат алғанын атап өтті.