фото скриншот видео mangistaupd
Ақтау қаласы аумағында орналасқан кәріс сору станцияларының бірінен кабель сымдары және кәріс құдығының қақпақтары қолды болып, күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Маңғыстау Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап.Жәбірленуші Ақтау қаласы полиция басқармасына арызбен жүгінді.
Келтірілген материалдық шығын 105 млн 237.035 теңгені құрайды.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлыққа қатысы бар 20, 21, 22 және 39 жастағы бес күдіктінің жеке бастары анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.