Жаңа-жылдан бастап елімізде жалақының ең төмен мөлшерi, сонымен қатар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері мен зейнетақының ең төмен мөлшерi өзгереді.
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған. Яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi өзгереді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге; 5) базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болады.