Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді
Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.
Айтуынша, жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында.
«Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді», - деді Қасымхан Алпысбайұлы. Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі - вакцинация екенін еске салды.
Дереккөз: ҚазАқпарат