Алматыда полицейлердің  шетелдік азаматтың үстінен  әкімшілік сипаттағы шара қолданбағаны  үшін пара алып жатқан видеосы тарап кеткен.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  хабарлауынша ,  17 мамыр күні әлеуметтік желіде белгісіз автор жариялаған бейнежазбада Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне көлік ішінде ақша беру фактісі бейнеленген.
 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша  Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
 
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.