Қала көшелеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Мейіржан Пердешов пен Бексұлтан Мүсірали Қонаев-Рысқұлов қиылысындағы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды байқаған. Жас қыз төменге секіруге бел буған.
Жедел әрекет етудің арқасында инспекторлар оны ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Қазіргі таңда бойжеткеннің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп жазады el24.kz тілшісі, polisia.kz.ке сілтеме жасап.
– Бір сәтке де баяулатуға болмады. Әріптесіммен бірге адам өміріне араша түстік. Келіншекті қайғылы оқиғадан құтқара алдық. Бұл біздің перзенттік әрі қызметтік борышымыз, - дейді офицерлер.