Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған.
Оtyrar.kz жазғандай, марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олар Әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.
«Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады», делінген дереккөзде. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.