фото ашық дереккөзден

2024 жылдың қазан айында Алматы облысы Талғар қаласында болған қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзат Болат отбасылық дүкен маңында жанжал салдарынан пышақ жарақатынан қаза тапты. Оқиға барысында күдіктілер топтасып шабуыл жасап, қақтығыс өрши түскен. Кейінірек полиция 11 адамды қамауға алды, тергеу жалғасуда.
 
Сонымен қатар, осы оқиғадан кейін Шерзаттың ата-анасының үйі өртеніп, олар қиын жағдайға тап болды.
 
Бұл қайғылы оқиға қоғамдағы әділеттілік пен қауіпсіздік мәселесін қайта қозғады. Алматы облысының прокуратурасы тергеудің объективті жүретініне кепілдік беріп, азаматтарды тергеуге көмектесуге шақырды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі. 
 
Нұрқанаттың өлімі туралы нақты ақпарат әзірге табылған жоқ. Қосымша деректер болса, тергеу барысында анықталуы мүмкін.Бірақ сотқа екі күн қалғанда,басты куәгердің бірінің өз-өзіне қол жұмсап өлуі қоғамда үлкен тартысты ой тудырып отыр.
 
Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты оқиғалар шиеленісе түсті. Әкесі Қаржаубай 15- тәулікке қамалып, қарындасының да әкімшілік жауапқа тартылуы мен отбасына қатысты тергеу шаралары қоғам назарында.Әділдікке жету үшін тергеу ашық әрі жан-жақты жүргізілуі керек- деп есептейді қоғамдық пікір айтушылар.