el24.kz Астанадағы сот Даулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты үкім шығарды. Ерлі‑зайыптылар ауыр науқас балаларының еміне қаражат жинағанын айтып, әлеуметтік желі арқылы халықтан 1,3 млрд теңгеден астам қаржы жинаған.

Сот материалдары бойынша, шын мәнінде жиналған ақшаның басым бөлігі баланың еміне жұмсалмаған, тек 6–7 млн теңгесі ғана нақты емге кеткен. Қалған қаражат жеке мақсаттарға пайдаланылғаны анықталды.

Осы әрекеттеріне байланысты Тотақановтарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, олардың мүлкі тәркіленді. Сондай‑ақ, оларға 10 жыл бойы қайырымдылық немесе қоғамдық қаражат жинаумен айналысуға тыйым салынды.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды: адамдар қайырымдылыққа сеніп, көмегін аямай берген қаражаттың заңсыз бағытқа кетуі көпшілікті алаңдатты.