Франциялық спортшы Алис Фино Париж Олимпиадасында сайысқа түскеннен кейін жігітіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы el24.kz тілшісі Stan.kz ақпараттық агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл атлет 3000 метрге кедергіден жүгіруден төртінші орын алды. Фино бұл қашықтықты 8 минут 58,67 секундта өтіп, Еуропаның рекордын жаңартты.
Мәреге жеткеннен кейін ол көрермен отыратын жердегі сүйіктісіне барды. Ол тізерлеп тұрып, жігітіне үйленуге ұсыныс жасады. Спортшының жігіті келісті, содан кейін олар көрерменнің қошеметіне бөленді.
Сөзінше, 9 жігітінің сүйікті саны екен.
"Біз тоғыз жыл біргеміз. Егер тоғыз минуттан тез жетсем, жігітіме ұсыныс жасаймын деп өзіме айттым. Мен басқалар сияқты болғанды ұнатпаймын. Ол маған әлі ұсыныс жасамағандықтан, "Мұны өзім істеуім керек" деп ойладым, – деді франциялық жеңіл атлет.
Олимпиадада қазақстандық атқыш Константин Малиновский де ұлттық құрамадағы әріптесі Арина Алтуховаға ұсыныс жасады.
Константин Парижден 300 шақырым жерде орналасқан Шату қаласында жарысқа қатысты.
Арина Алтухова мен Константин Малиновский 3 жыл қыз бен жігіт боп жүрген екен. Константин өз туған күнінде жарыста жүріп сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
"Алғаш рет Олимпиадада ел намысын қорғаған Константин Малиновский өзінің туған күнінде сүйіктісі Арина Алтуховаға ұсыныс жасады, әрине, Арина “иә” деді”, – деп жазды спортты дамыту дирекциясы.