2018 жылдың алғашқы жартысында 22 елден 66 журналист қаза тапқан.
Мұндай деректі Press Emblem Campaign үкіметтік емес ұйымы Женевада өткен жиын барысында мәлім етті. Аталған ұйым әлемдік қауымдастықтарды қақтығыс аймақтарындағы БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шаралар қолдануға шақыруда.
Баяндама барысында 2018 жылдың қаңтары мен маусым айлары арасында 66 журналистің қазаға ұшырағаны айтылды. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда анағұрлым жоғары, ол кезде 55 адамның қазасы тіркелген.
Аталған ұйымның дерегінше, 2018 жылы өлім көп болған елдердің көшін Ауғанстан бастап тұр, бұл елде 11 адам, Мексикада-8, Сирияда-7, АҚШ-6, Йеменде-5, Үндістанда-4, Бразилияда-3, Эквадор және Филипинде – 3, Газа секторында -2, Гватемала-2, Пәкістанда-2 журналист қаза болған. Сонымен қатар, Бангладеш, Колумбия, Гаити, Индонезия, Ирак, Либерия, Никарагуа, Ресей, Сальвадор және Словакия елдерінде бір адамнан.
«Press Emblem Campaign мұндай шабуылдарды табанды түрде айыптайды әрі үкіметтен кінәлілерді жазалауды талап етеді», - делінген баяндамада.
Дереккөз: Baq.kz