Электр сымына оралған сиырын құтқармақ болған 65 жастағы үндістандық фермер тоққа соғылып қаза тапты.

Оқиға Мадурай қаласының маңындағы ауылда орын алған. 

 
Қатты дауылдан үзіліп кеткен кабель желісіне оралған сиырын құтқаруға ұмтылған фермер М Моккусу электр тоғының әсерінен оқиға орнында көз жұмған.
 
 Иесінің құлағанын көріп, оралған кабельден ажыратпақ болған ит те электр тоғының құрбаны болды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері үзілген кабельді қалпына келтірген. Ауыл тұрғындары иесін құтқару үшін ажал құшқан ержүрек иттің адалдығын жарыса айтуда.
 

 ktk.kz