Самарқандта жекеменшік аурухананың заңсыз түсік жасату, жаңа туған нәрестелерді сату, өлтірумен айналысқан дәрігерлері сотталды.
Ауруханада заңсыз түсік жасау, жүктілікті тоқтату, ерте дүниеге келген сәбилерді сатумен айналысқан.
Ешкім сатып алмаған балаларды тіпті өлтіруге дейін барған. Жүктілікті жасанды түрде тоқтату нәтижесінде, тірі туылған балаларды клиниканың басшылығы жалған құжатпен - 500-ден 2000 долларға дейін, балаға мұқтаж отбасыларға сатқан көрінеді.
Ешкім сатып алмаған сәбилерді медициналық қалдықтарды жағуға арналған пешке салып жауыздықпен өлтірген.
Тергеу барысында өртенген он шақты нәресте табылған. Аталған оқиғаға қатысты облыстық прокуратура Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғаған.
Жеке меншік клиниканың бас дәрігері Нигора Салиханова сот шешімімен 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны перзентахананың тағы бірнеше қызметкері алды.
Дереккөз: ktk.kz