41 жастағы Че Абдул Карим Че Абдул Хамид тай қызын үшінші әйелдікке алған. Ол кәмелетке толмаған қызға үйлену арқылы некеге тұру заңдылықтарын бұзған.

Мұсылман шариғаты бойынша қыз бала тек 16 жасқа толған кезде ғана заңды түрде қалындық атана алады.

Қалындықтың әкесі имамға қызын 16-ға толған кезінде ғана ұзататып, ол уақытқа дейін қыздың өз үйінде тұратынын айтып түсіндірген. 11 жасар қыз бен 41 жастағы имамның тойы Тайландта болған.

 

Тергеу жұмыстары мерекелік шара барысында түсірілген фотолар табылған кезде бастау алған. Имамның бірінші әйелі той барысында жасалынған фотоларды желіге жүктеп, мәселені насырға шаптырған.

 

Тәртіп сақшылары Абдул Хамитті кінәлі деп тауып жатса, оған алты айға дейінгі бас бостандығынан айыру мен 247 мың доллар көлеміндегі айыппұл тағайындалмақ.

 

ktk.kz