Есірткі заңсыз Коста-Рикадан жеміс әкелетін компания арқылы жүзеге асырылып отырған.

Испанияның құқық қорғау органдары Латын Америкасы елдерінен есірткі контрабандасындағы қылмыстық топтың 16 мүшесін тұтқындады.

Аталмыш топ есірткі контрабандасымен айналысқан. Есірткілер Коста-Рикадан жеміс әкелетін жергілікті компания арқылы жүзеге асырылды.

Жыл бойы жалғасатын халықаралық арнайы іс-шара аясында португалиялық және америкалық тергеушілер де тартылған. Испан билігі есірткі сатумен айналысатын 20-дан астам үйді тапты.

 Іздестіру барысында қару-жарақ, қымбат автокөліктер, 300 мың еуродан астам ақша және 6 тонна кокаин табылды. Есірткі Малага қоймасында банандар қорабында жасырылған.

                                                                  

             ktk.kz.