Америка Құрама Штаттарының ғалымдары жиі қызғанатын адамдар санатын анықтады.

Ғалымдар бірнеше жүз адаммен сұхбаттасып, ең қызғаншақ адамдар санаты - жастар екенін анықтады. Адамның жасы ұлғайған сайын оның эмоцияға берілуі де бәсеңдейді. Кімге қызығады, қызғанады? Көбінесе құрдастарына, сосын жасы кіші немесе үлкендерге қызғанышпен қарайды екен. 
 
Сонымен қатар, қызғандырған адам өзімен жасты, сол жынысты, тіпті жақын досы немесе туысы болып шықты.  Сарапшылардың пікірінше, әр адамның басында белгілі бір жүйе болады екен, ол айналасындағы адамдардың сені бағалау көрсеткішіне жауап береді. Қатты сезім, мысалы, бақытқа кенелу, ол абстрактілі емес, сенің жеке тәжірибеңе сүйенетін нақты факторға байланысты туындайды, деп абарлайды РИА Новостишетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып.
 
 Шынайы өмірде бұл - әл-ауқат, жұмыс, жеке өмірде табысқа жету, әлеуметтік желілерде - саяхат және көңіл көтеру. 
 
Қызғанышқа байланысты ең жаман эмоцияны (көреалмаушылықты) өзін төмен бағалайтын, өзіне сенімі жоқ, рухани кеміс адамдар басынан кешіреді, тіпті қатты күйзеліске дейін жетеді.  Нильс Ван де Вен Tilburg (Нидерланды) университетінің психологы қызғаныштың екі жүзі бар деп санайды. Олардың біреуі — жұмсақ, таңданыс, таңдай қағу, сұқтану, таңырқаумен шектеледі. Адам бұндайда жақсы болғысы келеді, осындай нәтижеге жету үшін немесе одан асып түскісі келеді. Екінші — қызғанған адамға қиындық тудыруға деген ниет, барын тартып алу, қолындағысын жұлып әкету, жамандық ойлау. 
 
Бұл құбылыс одан әрі дамып, салдарынан ол қасіретке әкеліп, өзін бақытсыз сезінуге жеткізеді. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қызғаныштың тек осы екінші түрі бар деп айтады. Бірақ нидерландтық ғалым қызғаныштың осы екі - жұмсақ және қатты түрі жақсаруға деген ынтаға жетелейтініне сенімді. 

                                                                         
   ktk.kz