Ресейлік Забайкальеде өзінің қызметтестерін қырып тастаған Рамиль Шамсутдинов іс бойынша зардап шегушілер санатына ауыстырылғандығы туралы оның қорғаушысы Руслан Нагиев хабарлады.
 
Оның айтуынша, "Әскери қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынас ережелерінің бұзылуы" статьясы бойынша іс басталды. Адвокат өзінің Facebook парақшасында бұл іс бойынша Русланмен қатар тағы бірнеше солдат жапа шегуше ретінде қарастырылып жатқанын жазды.
 
 Руслан Шамсутдиновтың қызметтестерінен көрген әлімжеттігі мен қорлығы туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, әлеуметтік желілерде оған қолдау білдірушілер саны күрт өскен.  Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға 24 қазан күні Читадан 65 шақырым жерде орналасқан әскери бөлімде орын алып, солдат Рамиль Шамсутдинов өзінің қызметтестерін атып тастаған еді.
 
Оның қолынан екі офицер, төрт солдат пен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген екі азамат қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Кейін белгілі болғандай, Шамсутдинов қызметтестерінен көрген қорлық пен әлімжеттікке шыдай алмаған. Отан алдындағы борышын өтеуге келген солдат екі ай өтпей, өзінен шені жоғары қызметтестерінен үнемі таяқ жеп тұрған. Офицерлердің дәретхананы тазалауды талап етуі шыдамының шегіне жетуіне себеп болған.
 
"Дембелдер" тазаланбаған жағдайда "басымен сүртесің" деп қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Қашып кеткен жағдайда тез арада ізіне адам түсіп, оққа ілінетінін білген солдат басына түскен сынақтан басқа жол арқылы құтылуды жоспарлайды. 24 қазақ күні оқу-жаттығулар кезінде Шамсутдинов үшін барлығынан "өш алудың" қолайлы сәті туады.
 
Ол асқан шеберлікпен нысаналарына дәл көздеп, қызметтестерін бірінен кейін бірін жайпап салған.  Анасы ішімдікке салынып көз жұмғанда Рамильдің 13 жаста қалғаны белгілі. Әкесі оны және тағы екі үлкен ұлын жалғыз өзі тәрбилеген.
 
Шамсутдинов өте тұйық болып өскен, жақын араласқан жолдастары не сүйген қызы болмапты. Мектептегі оқу үлгерімі орташа, сүйікті пәндері дене шынықтыру мен тарих болған. Үйде де, мектепте де аса мінез көрсетпеген. Түмен облысы Вагай селосының тумасы бала кезінен әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтеуді армандаған екен. 
 
Дереккөз: Stan.kz/