Күйеуіңіздің адалдығына шүбәланып, қылықтары күмән тудырып жүрсе, оның көзге шөп салып жүргенін білдіретін бірнеше белгі бар.
 
• Түріне ерекше мән бере бастайды
 
Адалдықтан аттаған немесе басқа біреуге көңілі кетіп жүрген ер адамдар аяқ астынан стилін өзгертіп, сырт келбетіне көп мән беріп, айнаны айналшықтап кетуі мүмкін. Тіпті, өмір салтын өзгертіп, спортқа ден қойып, дұрыс тамақтануға көшіп, артық салмақтан арыла бастайды.
 
• Смартфон немесе компьютеріне кілтсөз қояды
 
Психологтардың айтуынша, телефоны немесе ноутбугына ешқашан кілтсөз қоймаған ер адам аяқ астынан кілтсөз қойса немесе парольді өзгертіп тастаса, бұл да ойланарлық жағдай.
 
• Кешкісін телефон шалып, смс жазуы жиілейді
 
Смартфонын кешкі уақытта тым белсенді қолдана бастауы да көзге шөп салып жүргенінің белгісі болуы мүмкін. Әсіресе, бұған дейін телефонға тым әуес емес адамның бұл қылығы ойландыруы тиіс.
 
• Сізге аяқ астынан ерекше көңіл бөле бастайды
 
Әр өтінішіңіз бен қалауыңызды екі етпей орындап, қабағыңызды бағуға тырысады. Психологтардың айтуынша, әйелінің көзіне шһп салатын еркектер өздерін іштей кінәлап, мазасы қашады. Сондықтан келіншегінің алдындағы айыбын жуып-шаймақ болып, осылайша бабын тауып, айтқанын екі етпеуге тырысады.
 
• Телефонында күмән тудыратын мәліметтер болады
 
Күмәнданғаннан ұйқыңыз қашып, жай таппасаңыз, телефон немесе компьютерінен не іздегенін тексеріп көріңіз. Егер іздеу сайттарынан тәулік немесе сағаттап жалға берілетін пәтер қараған болса, ол жерге басқа біреуді апарған болуы мүмкін.
 
Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz