ДДСҰ COVID-19-ды дәрілік шөптермен емдеуге рұқсат берді.Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады baq.kz.
 
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 емдеу үшін африкалық дәрілік шөптердің клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін өткізуді мақұлдады. ДДҰ сынақ хаттамасын, Жарғыны және клиникалық сынақтарға арналған деректерді бақылау және қауіпсіздік комиссиясын құруға арналған техникалық тапсырманы мақұлдады. Ұйымның атап өтуінше, клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі африкалық шөптерге негізделген жаңа дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі мен тиімділігін толық бағалау үшін өте маңызды.
 
Егер дәстүрлі медицина өнімі қауіпсіз, тиімді және сапасы кепілдендірілген болса, ДДСҰ оны кең ауқымды өндіріске ұсынады, - деді ДДСҰ-ның Африкадағы Аймақтық бюросы денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бөлімінің директоры Проспер Тумусииме. ДДСҰ серіктестері – африкалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығы және Африка одағының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясы.
 
Бұл ұйым осы жылдың мамыр айында коронавирустық инфекцияны емдеудің дәстүрлі әдістерін барлық дәрі-дәрмектер үшін бірыңғай сынақ процедурасына сәйкес қарастыратынын мәлімдеген еді.