Тілші эфирге шыққан сәтте оған медициналық маска киген адам жақындап, тапанша кезеніп, телефонын беруді талап еткен.


Эквадорда тікелей эфир кезінде тележүргізушіге тапанша кезенді. Спорт репортері Диего Ординола Гуаякиль қаласындағы "Монументаль Исидро Ромеро Карбо" стадионының жанында тікелей эфирге шыққан. Репортер эфирге шыққан сәтте оған медициналық маска киген адам жақындап, тапанша кезеніп, телефонын беруді талап еткен. ​Оператор болған жағдайды түсіріп үлгерген, бірақ тонаушыға өзінің телефонын беріп жіберген. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты: оны жақын маңда серіктестері мотоциклмен күтіп тұрды. Кейінірек Диего Ординола видеоны Twitter-дегі парақшасында жариялады. Оны 379 мың адам көріп, алты мыңнан астам адам бөліскен.
 
Дереккөз: Sputnik