Тергеу ақпараты бойынша, Чита қаласының 1988 жылы туған тұрғыны балаға оқ атқан. Ол 20 жылға дейін сотталуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ресейдің Чита қаласында жөндеу жұмыстары кезінде шыққан шуға ашуланған ер адам тоғыз жасар қызды атып өлтірді. Полицейлер күдікті ұстады.
Қайғылы оқиғадан жарты сағат бұрын бала TikTok желісіне видео жүктеген. Mash телеграм-каналының ақпараты бойынша, көршінің қылмыстық әрекетке баруына үйде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының дыбысы себеп болған. Ол біраз уақыт есікті тепкілеген. Ешкім есік ашпайтынын түсінген ол есікке оқ атты. Ол қызға дәл тиген.
"Мас көршіміз біздің есікті қатты қағып жатыр. Оның осылай тұрғанына бірнеше минут болды. Айқайлап, балағат сөздер айтып жатыр. Мен қорқып отырмын. Үйде ағам мен інім бар. Бізде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әкем дүкенге кеткен. Мен не істерімді білмей отырмын. Ол қазір есікті сындыратын шығар. Аяғымен тепкілеп жатыр. Қатты қорқып отырмын", - дейді ол видеода.
Забайкалье өлкесінің тергеу комитеті қайғылы оқиға 17 ақпан күні кешкі сағат 13:30 шамасында болғанын хабарлады. Чита қаласының Теміржол ауданында тоғыз жастағы қыздың өлімі туралы құқық қорғау органдарына хабарлама келіп түскен.
Қазір полицейлер мен криминалист тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Тергеу мәліметі бойынша, қыз балаға оқ атқан Чита қаласының 1988 жылы туған тұрғыны.
Күдікті ұсталды. Оған қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлімінің "в" тармағы ("кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық әрекет үшін бір жылдан екі жылға дейін бас бостандығын шектеумен сегіз жылдан жиырма жылға дейін түрмеге жабу, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесу қарастырылған.
Жақын уақытта тергеушілер күдіктіден жауап алады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.