Қазандағы атыстан Қайтыс болғандардың арасында 26 жастағы шет тілі мұғалімі де болған.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльвира Игнатьева қылмыскер өтіп бара жатқан сәтте дәлізде жүрген. Алдын ала мәліметтер бойынша, мұғалім басқа оқушыны құтқармақ болып, кеудесін оққа тосқан. Мұғалім көз жұмбас бұрын балалармен қоштасып үлгерген көрінеді. Бұл туралы оның жерлеу рәсіміне жиналған адамдар мәлімдеді. "Ол сол жерде "Қош болыңдар, балалар", деп айтқан. Қылмыскер бірінші мұғалімге оқ атып өлітірген. Артынша басқа балаларды да атып тастаған", - дейді рәсімге жиналғандар. Оқушылары Эльвираның мейірімді, әділетті және ең керемет ұстаздардың бірі болғанын айтады. Қыз бес күн бұрын желідегі парақшасына сүйрет жүктеп, ерекше жазба қалдырған. "Адам бақытты сәтте орнынан қалай тұрғанын да байқамай қалады", - деп жазған ол. Қыз желіде үнемі ерекше жазбалар қалдырып, адамдарды өмірді сүюге шақырған. "Өз өміріңді ерекше ету өз қолыңда. Ол үшін бақытта алыс болашақтан емес, қазіргі сәттен іздеуді үйрену керек", - дейді ол жазбаларының бірінде. Эльвира бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен сабақ берген. Оның мектепте мұғалім болып қызмет еткеніне төрт жылға жуық уақыт болыпты. Шілде айында ол 27 жасқа толуы керек болатын.