12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды.


Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың тапсырмасы бойынша республика үкіметі №175 Қазан гимназиясында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы тағайындайды. Бұл туралы Татарстан президентінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Соңғы мәліметтер бойынша №175 Қазан гимназиясында болған атыс кезінде 8 адам қаза тапты, 21 адам түрлі ауруханада жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялады.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.