Ресей Федерациялсының 16 837 азаматы елімізде уақытша тұру үшін рұқсат алды.
Олардың көбісі Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
«Биыл қаңтардан наурызға дейін Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Ресейліктердің дені Қызылорда облысына келді.
Сондай-ақ, Алматыға – 2 116, БҚО – 1 677 және Қостанай облысына 1 525 ресейлік орналасты», - делінген хабарламада. ІІМ таратқан мәліметке сәйкес, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8 217) еңбек ету үшін келіп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейден - 170, Украинадан 7 адам Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергені айтылды. Одан бөлек, Ресейден келген 48 азамат пен 10 украиналық Нұр-Сұлтан қаласында тұруға ниет білдіргені белгілі болды.