Кубада найзағай түсіп, мұнай қоймасы жарылды.

Өрт түнде найзағай кезінде басталып, шикі мұнайы бар 8 резервуардың екеуін шарпыған.

Кубаның Матансас қаласындағы мұнай қоймасында болған жарылыстар легінен және өрт салдарынан 120-дан астам адам жарақат алды. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер де бар. Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам уақыт бойы отты сөндіруге тырысуда. Сенбіде Венесуэла үкіметі Кубаға өрт сөндірушілер мен арнайы техника жіберген болатын. Өртке найзағайдың соғуы себеп болып отыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат