Климат өзгерісі адамзатқа зор қауіп төндіріп тұр. Мұның зардабын қазірдің өзінде жекелеген елдер, тіпті тұтас аймақтар тарта бастады. Германиядағы мұздықтар еріп, Сербия, Косово мен АҚШ-та өзен-көлдер тартылып жатыр, - деп хабарлайды Хабар-24.
Баварияның мұздықтары еріп жатыр. Мамандар 15 жылдан кейін олар мүлде құриды деп қауіптенеді. Өйткені температура уақыт өткен сайын жоғарылап барады. "Жұт жеті ағайынды" демекші, Сахара шақтан жақтан құмды дауыл да жиі соға бастады.
Ғалымдар шөлден жеткен шаң-тозаң бүкіл Еуропаны құрсаулап жатыр. Десе де сарапшылар газ қалдығы қысқарса, Альпі мұздықтарын аман сақтап қалуға болады деген пікірде.