Басынан дау кетпеген әнші Төреғали Төреәлі жылдың соңында Павлодардағы концертінде болған келеңсіз жайттан соң, біраз сынға қалған болатын.Ол содан соң,инстадағы парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып кешірім сұраған еді.

Алматыда өткен жыл қорытындысы ақындар айтысында Төреғали Төрәлі «Айтыс» әнімен ашты.Жүрсін Ерман сол айтыста Төреғалидің ән айтып, айтпауын халықтан сұрады.Халықтың пікірі екіге жарылып, Төреғали әнін айтып шықты.Және халықтан кешірім сұрап;

«,Өз үйіріме қосылып, өз үйіме келіп тұрғандай болып тұрмын ағайын. Менен басқа не жаңалық ?- деп әзілмен бастап.Бәрі аман –есен болсын, сынап та, сыбап та алып жатырсыздар. Ол мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қолдайтын халқым, қорғайтын Алла барда мен еңсемді тіктеп ұстап жүрмеуге ешқандай хақым жоқ деп ойлаймын, ағайын! Қазақта бір жақсы сөз бар ғой: “Өзінің туған жерінің тасына сүрінгенімен, ер жігттің аяғы ақсамайды” . Мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды. Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын! Кем-кетігім болса еркелігім деп, шалалығым болса балалығым деп қабылдарсыздар. Мен сіздерді жақсы көремін”, – деген Төреғалидің сөзіне халық қол шапалақтап, қолдау көрсетті. “Кешіріңіздер. Бірақ кешіріп қойған сияқтысыздар”, – деді.

«Жаным, ағайын, мен сіздерді қатты жақсы көремін. Оны сөзбен растап, ақталмай-ақ, жүректеріңіз сезеді деп ойлаймын. Тағы да ән сұрап отырғандарыңыздан айналайын.Мен бір жаңа туындымды орындап берейін,жаңа дегенмен ескі,үш –төрт жыл бұрын шыққан ән еді.Ескі болғанмен есті ән. Сөзін жазған ақын Төреғали Төреәлі ,әнін жазған сазгер Төреғали Төреәлі,орындайтын әнші Төреғали Төреәлі » деп деп сөзін аяқтап “Ақиқат” атты әнін шырқады.