«Қоңыр» тобының экс әншісі Жазира Кошанова Малайзиядан не үшін қайтып келгенін айтып берді.
7-8- жылдан бері шет елде тұрған адамның менталитеті ,ой-санасы кішкене өзгереді екен.Екеуміздің сана –сезіміміз бір-бірімізге сай келмеді.Бірге тұрғанда "аузымен тау қопаратын" кісі болғанмен әрекеті жағынан кішкене ақсаңдады Сосын , ересек кісілерше арада ұрыс –керіс болмай – ақ , ойласып елге қайтамын деген шешімге келіп елге оралдым. Және ол ісіме ешқашан өкінбеймін,өйткені шет елде жүріп біраз нәрсе көрдім,өмірде біраз нәрсе түйдім- деді Жазира. Қазақи ортада өсіп,қазақи тәрбие алғандықтан екеуміздің көз –қарасымыз сәйкеспеді.
Ол жақта да қазақ студенттерінің арасында болып, концерттерге шақырып ән салғанын,модель болып подимуға шығып, ақша тапқанын да жасырмады.Бірақ ешқашан ашық-шашық киім киіп шықпадым,тек жабық киім үлгілерін ғана көрсететінмін -деді ол.
«Өнерсіз өмір сүре алмаймын »деген адамды түсінбеймін.Бірінші орында мен үшін отбасы.Қазақтың студенттерінің шақыруымен наурызда ән айттым.Кештерге бардым. Қазақ студенттері ; «бойың,дене бітімің модельдік бизнеске келеді екен,неге қатысып көрмейсің» деген ой айтты.Ол жақта модельдік бизнес,қатты дамыған сала. Біраз подиумдарға шықтым.Соның ішінде айта кететін бір жәйт «Мисс успешная женщина» деген Қытайлықтар ұйымдастырған фестивальға мені бет-бейне ретінде шақырды.Бет- бейне ретінде шақырғанда қомақты қаражат ,көлік,киім,үй бәрін береміз,бірақ Қытай елінің атынан шығасың деген ұсыныс болды.Мен ол ұсыныстан бас тарттым.Өйткені қазақ бола тұра, бөгде елдің атынан шығу бүртүрлі ,ұятты көрінді - дейді Жазира.