Зарина Мүслімнің «Сөккен әңгіме» бағдарламасында қонақта болған әнші Ернар Садырбаев,өзіне жасы үлкен қыздар ұнайтынын айтты.
«Маған қасымда алып жүргенде ұялмайтындай қыз болу керек.Сыртқы келбетінен,сөйлеген сөзінен өзін ұстауынан,келін болатындай қыз болса деймін. Мен үйдің кенжесімін»деген әнші,журналисттің «Әмреге жасы үлкен қыздар ұнайды деп естідім,оған әке –шешең қарсы келер ме еді?Қалай ойлайсың?Ондай қыз болды ма?»-деген сұрағына , жымия жауап берген әнші:
«Мен анаммен бөлісетін едім,мен осындай қызбен сөйлесіп жүрмін,маған ұнайды деп.Мамам айтатын,осындай бір кітап оқып,Ернар деген бала кітаптың бас кейіпкері , сол маған ұнайтын.Сол кітап бойынша Ернар өзінен үлкен қызбен жүреді,өзінен үлкен қыздарды ұнатады.Сөйлескенде мамам айтады.Ернар,кітаптағы өмір қайталанып жатқан сияқты деп.Бірақ бұл жай кездейсоқтық шығар.Ашығын айтайын менде ондай жағдай болды.Қазір ол қыз жоқ »деп ағынан жарылды.
Сонымен бірге әнші, өзінің « Әмре» деген лақап есімі жөнінде де, айта кетті.
Өзімнің басшылығым сенің лақап атың «Әмре»болады деді.Қазақ болғанан кейін,ырымшыл халық.Содан кейін ол кісілер үлкен ырыммен қойды.Әмре атамыз Парижде танылған.Мен де жақында Парижге барайын деп жүрмін.Туысқандарым да,достарым да бәрі«Әмре» дейді.Бұрын әзілдеп айтатын болса,енді еттері үйренді -деді әнші өзінің лақап есімі жөнінде.