Әнші Мақпал Жүнісова мен Нұрболат Абдуллиннің сахнадан тыс видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланып жатыр.

Видеода аяқ асты кіріп келген Нұрболаттың түрін көріп Мақпал Жүнісова шошып кетеді.

Әнші жігіттің бетінен сүйген Мақпал апай: «Ей, сен мұрт қойып алғансың ба? Біртүрлі екен. Мынау шын нәрсе ме, әлде жапсырып алғансың ба?..» деп өз таңданысын білдіреді.

«Мүмкін бұл да сақалдыларға қосылайын деп жүрген жоқ па» деген бір күмәнді ой арасында сырғып та өткен сияқты. Өйткені әнші апайымыздың жүзінде таңданыстан бөлек үрей де болған сынды.

Бірақ бұған күліп жіберген Нұрболат: «Маған да жүн шығады ғой, жүн шығатын жастамын» деп әзілдеп бәрінің көңілін бірден жайландырды. Сөйтсе ол мұртын түсірілім үшін өсіріп жүр екен.

Осы видеоны көрген желі қолданушылары әншілердің қарапайымдылығына риза болды.

kaz.365info