Енді болашақты болжауға болады. Сандар арқылы. Танымал нумеролог Жазира Ноғайбаева сандарға сүйене отырып, өнер жолындағы танымал тұлғалардың болашағына болжам жасап көрді.
Бұл туралы «Ел аузында» бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.
Белгілі нумеролог Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның биылғы жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын айтты.
Ал бұл болжамға өнер иелерінің көзқарасы қандай?
«Әумин! Айтамын. Ондай нәрсені жақсылап айту керек қой. Мұның барлығы есептеулі нәрсе екеніне сенемін. Нумерологиямен айналысатын құрбыларым бар. Солар есептеп беріп отырады», — деді Жорабаева.
Ал Айгүл Иманбаева өзінің қайта тұрмыс құруға ниет етіп жүргенін мәлімдеді.
«Дәм-тұз бұйырса, бәрі де болады. Өзімде ниет болса, бұйрық болса, кетемін ғой. Ниет бар.
Биылдан қалмаймын, шын айтам», — деп ағынан жарылды Иманбаева.