Ел ішін кезген даңқты жандар жайлы ақпарлар осы. Елдің сөзі - ақпараттың қайнар көзі.
 
Қазақ асханасы -  əлемге  қазақты танытудың бір жолы екені даусыз. Сол жолда  қарекет қылған ағайындылар Фарида мен Жəнібек - қазақ асханасын  Манхэттенде ашыпты. Қарағандылық бауырларымыздың ісі өнімді болатыны сөзсіз. Себебі, əлемде басқа мемлекеттерде ұлттық  асхана ашып, табысқа кенелгендер мол. 
Үш əйелден он перзент сүйген батыр  - Ермахан Ыбраймов. Иə, талай-талай ағалардың  арманын орындаған жанның азаматтығына сүйсіне отырып, жадыңызға парсы нақылы сап ете қалады:"Ерге бір жар аз, ұлтты ойла" деген.
     
 
"Ұлы дала баласы"  жиырма беске келді.  Республика сарайының қақ төрінде бес күн қатарына үзіліссіз  əн кешін берді.  Елдің ықыласын  абыроймен арқалауды мақсат еткен əншінің концертінен, елдің алған əсері бөлек. Танымал талай əншінің басын бір сахнада қосып, бес күн көрерменге қызмет ету - шын таланттардың қолынан келетін нәрсе, қызмет ету, еліне хəм өнерге деген махаббаты емес пе?!