1. Сіз авантюрист адамсыз. Үнемі қызық іздеп жүресіз. Кейде тентек мінез көрсететін, батыл, шешімді тез қабылдайтын жансыз. Кез келген өзгеріске тез бейімделесіз. Үнемі жаңа нәрсе іздейсіз.
2. Ашық адамсыз. Көпшілік ортаны ұнатасыз. Көп уақытыңызды достарыңызбен, әріптестеріңізбен бірге өткізесіз. Көңіл көтергеннен ләззат аласыз.
3. Көп сөйлейсіз. Өміріңіз жақсылыққа толы. Күтпеген кездесулерге жиі жолығасыз.
4. Ұсақ-түйекке мән беретін адамсыз. Жұртты көп сынайсыз. Өзгеріңіз! Өмірге жақсы көзқараспен қараңыз.
5. Алдыңызға кезіккен қиындықты оңай еңсересіз. Сізден кеңес сұрайтын адам көп. Сіз өте мейірімді жансыз.
6. Үнемі ел назарындасыз. Басқаларды бойыңыздағы күш-қуатыңызбен таңғалдырасыз. Адамдар сізге тартылады. Мейірімді, сезімталсыз, өмірді сүйесіз.
7. Үйде отырғанды ұнатасыз. Уақытыңыздың басым бөлігін отбасыңызға арнайсыз. Сурет салу, өлең жазу сияқты шығармашылық жұмыстармен айналысасыз. Бір сөзбен айтқанда шығармашылықтың адамысыз.
8. Тосын сый жасағанды ұнатасыз, осыған сәйкес сізге де тосын сый жасайтын адамдар бар. Алдыңызға келген мүмкіндіктерді қалт жібермеңіз.