Ер азаматтың көңілін жаулау оңай шаруа емес. Ерекше қошеметке ие болып, таңдаңдыру үшін сұлу әрі тартымды болу қажет. Сізге ер адам қызыға қарауы үшін, ең алдымен ол сізге назар аударуы керек. Әрине, әрбір қыз -келіншектер өздігінше әдемі. Топ арасынан ерекшеленіп шығып, өзінізге ұнайтын жаннын назарын қалай аударсаңыз болады? Ерсі естілгенімен, дегенмен ер адам ең алдымен сыртқы сұлулыққа аса мән береді.
Ең алдымен, қыздардын көркін келтіретін ол дене күтімі мен жүріс тұрысы. Сіздің күлкініз, киім киісіңіз, тіпті тұрысыңызға да еркек тарапынан назар аударылады.
Ал енді, біз сіздерге ер адамды өзіне қаратудың құпиясын ашамыз.
1. Мінсіз тері
Сіздің теріңіз үнемі таза әрі тегіс болуы қажет. Қара және ақ безеулер, үлкен дақтар терінізді көріксіз етеді. Дұрыс тамақтаныныз, күнделікті жаттығулар жасаңыз, бетіңіздің терісін алдын -ала буға ұстап тазартыңыз, сергітетін және жұмсартатын иіс май мен тоник қолданыныз. Дәл осы аталып өткен әдістердін жинағы сіздің теріңізді мінсіз етеді.
Егер сізде безеулер болса өздігінен емделмей, міндетті түрде дерматолог маманның көмегіне жүгінгенініз абзал. Тітіркенуден сақтану үшін өз тұрпатынызға сай бояуларды қолданыныз.
2. Көрікті шаш
Әр адамға жұмсақ әрі жібектей шаш ұнайды.Мұндай нәтижеге жету үшін күнделікті шашты жуып және арнайы кондицонерлер қолдану керек.
Шаштаразға барып өз түр келбетінізге, мінез құлқынызға сай шаш үлгісін жасатыныз. Шашыныз тік, бұйра, немесе толқынды болғанына қарамастан, егерде жақсы күтім көрсетілсе, ол міндетті түрде әдемі көрінеді. Әрқашанда шашқа арналған сапалы өнімдерді қолданыныз. Егер шашыныз ұзын болса, онда жайып жүрініз. Бұл ер адамдарға ұнары сөзсіз.
Егер шашынызда қайызғақ барын немесе қиылып түсіп жүргенін байқасаныз, арнайы маманға көрінініз. Ол сізге дұрыс ем жолын көрсетеді, және шашыныз бұрынғыдай сау қалпына келеді.
3. Күтілген тырнақ
Егерде бейтаныс адаммен алғаш рет кездесіп, қол алысу керек болса, онда ол міндетті түрде сіздің тырнақтарынызға назар аударады.
Тырнағыныз кір, сынған болса ол жеркеніш сезімін оятады. Тіпті тырнақ боялған болмасада ер адамдар күтім көрсетілген тегіс тырнақтарды ұнатады.
Үнемі маникюр және педикюр жасап, тырнақтарынызға күтім көрсеткеніңіз жөн. Кешке ұйықтар алдында оларға жұмсартатын иіс май жағыныз. Егер сіз асығып, тырнақтарынызға назар аударуға уақытыныз болмаса, тым құрмаса түссіз лак жағып қойыныз.Бұл оны тегіс әрі жылтыр етеді.
4. Табиғи макияж
Макияжды неғұрлым табиғи қылып жасауға тырысыңыз. Ер адамдар айқын көзді қыздарды жақсы көреді, және оны макияждың көмегімен жасауға болады. Көзініздін тұсына тушь немесе подводка жағылып қалмауын қадағаланыз. Бұл жағымсыз көрінеді.
Ерін далабын да дұрыс қолдана білген де дұрыс. Егер қолданатын далабыныз сұйық болса, онда қолданар алдында арнайы карандашпен немесе қылқаламмен ерін шеттерін айналдырып бояп шығыңыз. Негізі сұйық далапты қолданған жөн. Ол ерінде әдемі көрінеді. Еркектерді тіпті боялмаған, аздап жылтырақ жағылған ерінде қызықтырады. Далаптан бөлек ерінге арналған арнайы жұмсартатын бальзамдарды үнемі қолдануды ұмытпаныз.
Бетінізге табиғи түстегі румянаны таңданыз. Жақ сүйегімен иекке бірдей етіп бөлініз. Егер бронзер қолданатын болсаныз, онда румяна жағып қажеті жоқ.
5. Әдемі киім
Барлық ер адамдар әдемі киінген қыздарды ұнатады. Міндетті түрде атақты дизайнерлердін киімін кию мүлде маңызды емес. Ең бастысы ол сіздің дене пішімінізге сәйкес келсе болғаны. Киім сіздің нәзіктігінізді білдіріп , ал оның түсі сізді топ арасынан ерекшелендіріп тұруы қажет. Сіздің киім үлгініз қарапайым , бірақ сыпайы болғаны дұрыс.
6. Тегіс қол және аяқ
Көптеген еркектер қолында, аяғында және қолтығында жүн жоқ қыздарды ұнатады. Бұл тазалықтын белгісі. Жұмсақ , тегіс, жібектей тері ер адамдарға қатты ұнайды. Егер сіз кездесуге жиналып, көйлек, белдемше немесе шолақ шалбар киетін болсаныз міндетті түрде аяқтағы шаштардан құтылғаныныз жөн. Терідегі шаштарды жұлар кезде тері үстіндегі өлі бөлшектерде бірге жойылады. Сондықтан сіз шаштарды жоюға қандай шараны таңдасаныз да , ол терінізді жұмсақ әрі жарқыраған етеді. Теріні қосымша ылғалмен және жылтырмен қамтамасыз ету үшін, жақсы лосьон мен арнайы жұмсартқыш иіс май қолданыныз.
7. Гигиена
Жуылмаған дененің иісі, тістегі дақтар және жағымсыз келбет әр кімге де ұнамасы анық. Ешқашанда кездесуге көздерінізді жумай барманыз. Бұл жиіркенішті көрінеді. Тістегі дақтарды және жағымсыз иісті кетіру үшін, таңертен тісінізді жуыныз. Арнай иіс сабын және гель қолданып, үнемі душ қабылдап жүріңіз, ал душтан соң дезодорант қолданғайсыз.
Жақсы әтір,иіс сабын, сусабын, лосьон пайдалануды ұмытпаныз. ыстық күні беті қолынызды сүртіп, сонымен сергіп қалуға болатын,әрқашан өзінізбен бірге ылғалды майлық алып жүрініз. Егер ауызыныздан жағымсыз иіс шығатын болса, жалбызды кәмпит немесе арнайы спрей қолданғаныңыз дұрыс.
Үнемі киімінізді жуып жүрініз, ол таза әрі балғын болуы қажет. Егер аяғыныздан иіс шығатын болса жабық аяқ киім киген кезде өзінізбен бірге мақта мата шұлғы алып, жиі ауыстырып отырыныз.
8. Жақсы мінез құлық пен өзіне деген сенімділік
Жағымсыз мінез адамдарға кері әсерін тигізеді. Сіз әрқашан да тәрбиелі және сыпайы болып көрінуініз қажет. Өзінізге сенімді болып, ойыныздағы қалаған нәрсені айтыңыз, дегенмен дөрекі және өте қатты сөйлеменіз. Еркектер дөрекі жандарды ұнатпайды.
Әңгіме барысында нақты бір тақырыпқа өз пікірінізбен бөлісіп отырыңыз.Бірақ сонымен қатар жақсы тыңдай біліңіз. Ер адамдарды көп сөйлейтін қыздар түршіктендіреді.
Сүйкімділік бұл әр қыз -келіншектің бойында болуы қажет тұтас шеберлік.
9. Сұлулылық және ақыл парасат
Қыздар үндемей және еріксіз болуға міндетті болған уақытт өтті. Қазіргі заманнын қыздары дәл ер- азаматтын құқығына ие, ал заманауи еркектер тапқыр қыздарды жақсы көреді. Сондықтанда өмірдін әр саласына қарай білімінізді жетілдірініз. Көліктерге, велосипедтерге қатысты мақалалар оқып, әр түрлі фильмдер мен бағдарламалар көрініз. Ер адамдарға. олар әлі естімеген заттарды айтқан ұнайды.
Әрбір әйел, сөйлем соңын үзбей жалғастырып кетуі үшін әлемде не болып жатқанын білу қажет. Егер сіз есепке және саясатқа жақын болсаныз нұр үстіне нұр болары анық. Бірақ ешқашанда білгіш болып көрінбеуге тырысыңыз.
Өзінізге ұнайтын ер адаммен танысуға қызығушылық пайда болса, асықпай шыдамдылық таңытыныз. Жоғары да берілген сұлулық сырларын оқып шығып, амал тәсілдерді ұстанатын болсаңыз, онда міндетті түрде қалағаныңызға жетесіз.