Өзара келісе алмай ұрысып қалған ерлі-зайыптылар міндетті түрде екі бөлек бөлмеге барып түнейтіні құпия емес. Алайда мамандардың айтуынша, күйеуін басқа бөлмеге қуып жіберетін әйелдер бұл қылығымен үлкен қателікке бой алдырады деп хабарлайды comode.kz

Психологтар ұрыстан кейін күйеуінен бөлек ұйықтайтын әйелдер бұл әрекетімен ажырасуға бір қадам жақын түседі деген пікірді ұстанады.

Қандай жанжал болмасын, сүйіктіңіздің қасына жатып ұйықтау маңыздылығының өз себептері де бар:

 

1. Бірге ұйықтау қауіпсіздік пен қорғаныс сезімдерін күшейте түспек. Олар өз кезегінде күйзеліс гормонын азайтады.

2. Ұрыстан кейін ортақ мәмлеге келудің ыңғайлы уақытын күтпей-ақ ұйықтар алдында мәселенің шешімін тауып алуға оңтайлы тәсіл - бір төсекете түнеу.

3. Адам организмі үлкен әсерге берілгендіктен оның нашарлауы әбден мүмкін. Организм ішіндегі ісу үрдістерін болдырмас үшін үлкен даудан кейін бірге жату арқылы иммунитетті қуаттандыруға мүмкіндік туады.

4. Бірге ұйықтау махаббат гормонын күшейтіп алаңдаушылық сезімін жойып тастауға қауқарлы. Тіпті үлкен ұрыстан кейін де таңертен бақытты болып оянуға әбден болады.

5. Кедіспеушіліктен кейін де сүйіктіңіздің қасына келіп жатсаңыз, онымен жыныстық қатынасқа түсуге қарсы еместігіңізді білдіртесіз. Тіптен махаббатпен айналыспасаңыз да күйеуіңіз таңертен өзі-ақ құшақтап оятқанына таңғалып қаласыз.

6. Зерттеу нәтижесінде ұзақ уақыттық қарым-қатынастағы әйелдер басы бостарға қарағанда тез ұйықтап әрі сергек жүреді. Демек, сүйіктіңіздің қасында ұйықтау жақсы түстің кепілі болса керек.

7. Түн жарымда балалар ата-аналарының қасына келіп жататын жағдайлар көптеп кездеседі. Олар әке-шешесінің ортасына жатып өзіндік қауіпсіздікті сезінеді. Ал егерде сондай сәтте келіп жатпақ болған бала әкесінің жоқтығын көрсе бірден қорғаныс пен қауіпсіздік тапшылығын сезінеді.


comode.kz.

/alashainasy.kz