el24.kz Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың шаңырағына арнайы барып, жуырда көз жұмған ұлының қазасына көңіл айтты.

Бұл туралы тележурналист Азамат Әбілқайыр өз парақшасында хабарлады. Ол жазбасында:

«Бүгін әнші Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтыпты. Міне, қазақылық, міне тектілік! Зау биікті жүрсе де уақыт тауып, арнайы келгенін айтсаңшы!
Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік. Бәрі үйдегі тәрбиеден ғой негізі», – деп жазды ол.

Димаштың бұл ізгі ісі қазақы дәстүрді дәріптеп, қайғыда бірге болудың мәнін тағы бір мәрте дәлелдеді.