el24.kz 2024 жылы “Элиталық эскорт” желісі бойынша айыпталып, 6,6 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Айка жазасын өтеу мерзімінің кейінге қалдырылғаны ресми түрде хабарланды.

Құзырлы органдардың мәліметінше, Айканың жазасы екі жылға кейінге қалдырылды. Осы кезеңде ол пробациялық бақылауда болады. Пробациялық бақылау кезеңі аяқталған соң, блогердің жазасының қалған бөлігі белгіленген тәртіппен орындалады.

Ресми деректерге сәйкес, пробациялық бақылау кезінде Айка арнайы ережелерді орындауы тиіс, ал бақылау тәртібі құқық қорғау органдары тарапынан қатаң қадағаланады.

Бұл шешім азаматтық қоғам мен блогерлік қауымдастығы тарапынан да назарда, себебі ол жазаны өтеу тәртібі мен пробациялық бақылаудың мән-жайына қатысты пікірталас тудырды.

Құзырлы органдар оқиға бойынша толық ақпаратты тек ресми хабарламалар арқылы беретінін атап өтті.