el24.kz Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты сотталғандар бойынша апелляциялық сот шешімі жарияланды. Сот алқасы Арман Жұмагелдиевке (“Дикий Арман”) қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Осыған сәйкес, ол бұған дейін бірінші инстанция тағайындаған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын толық өтеуге тиіс.

Апелляциялық инстанция Жұмагелдиевтің жазасын жеңілдету туралы қорғаушылар өтінішін қанағаттандырмады. Сот үкімі заңды, негізді және дәлелдер толық қаралған деп танылды.

Сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сотталған өзге айыпталушылардың да үкімдеріне өзгеріс енгізілмеді. Апелляция олардың шағымдарын да қанағаттандырмай, алғашқы сот үкімін күшінде қалдырды.

Бұл шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.