el24.kz 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда автокөліктерді қысқы шиналарсыз басқаруға тыйым салынады. Қысқы шиналар көліктің барлық доңғалағына орнатылуы тиіс, ал протектор биіктігі 4 мм-ден кем болмауы қажет.
Бұл шара көліктің тежелуін тұрақтандыруға және тайғақ жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөліміне сәйкес, егер автокөлік 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы шиналарсыз жүргізілсе, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл шамамен 19 660 теңге. Ал егер ескерту еленбесе, айыппұл көлемі 20 АЕК-ке жетуі мүмкін, яғни 78 640 теңге.
Мамандар жүргізушілерді қысқы шиналарды уақытында ауыстыруға шақырады. Қысқы шиналардың болмауы тек заңға қайшы емес, сонымен бірге жолдағы апат қаупін де арттырады. Қосымша қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы автокөліктерді басқару кезінде тайғақтан немесе басқа төтенше жағдайлардан қорғауға болады.
