el24.kz Ақтөбе облысында қайғылы жағдай орын алды: ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, қала сыртында зорлық-зомбылық белгілері бар 39 жастағы әйелдің денесі табылды. «Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуінің денесі асылып тұрған күйінде анықталды», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиғаның артында ерлі-зайыптының 5 баласы қалды.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.