Егер қан қысымыңыз көтеріліп, ауырсаңыз орта көлемдегі 10 лимонды алып, жылы сумен жуып, кесіп (шайға кескендей), барлығын 3 литрлік банкіге салыңыз. Содан кейін сол банкіге 0,5 литр бал, 0,5 литр алоэ шырыны және 0,5 литр спирт немесе шарап құйыңыз.
Банкінің бетін капронды қақпақпен жауып, 40 күнге қараңғы жерге қойыңыз. Дайын болған соң (41-күні) 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын жеңіз.
10-14 күндері денсаулығыңыздың жақсарғанына көзіңіз жетеді. Қысымыңызды бірқалыпты болады. Сонымен қатар, бұл тұнба тұмаудың да алдын алады.
Егер қатты күйзеліске ұшырасаңыз, бұл сусыннан ішуді ұмытпаңыз. Оның сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте көп.