Соңғы жылдары денсаулығым сыр беріп, қан қысымым көтеріліп жүрген болатын. Ал, дәрігерлер болса, қан қысымым не себепті көтерілгенін анықтай алмады. Тіпті, оны төмендетуге де шамасы келмеді. Бұл аздай, соңғы рет ауруханаға барғанымда қос аяғым бірдей ұйып, қимыл-қозғалыссыз қалдым. Дәрігерлер тағы да дертімнің дауасын таппады. Содан кейін емші Динара Орынтайқызы жайлы естідім. Көзінің рентгені бар әйелдің емшілік қасиеті қатты таңдандырды. Үйіне арнайы іздеп бардым.
Шыбын жаны шырқырап, шипа іздегендер көршілес облыстардан да келіпті. Әйтеуір, қабылдауына сағаттап кезек күтіп кіргенім сол еді, тамырымды ұстаған бойы «Кіші инсульт алыпсың. Алайда, ешкім байқамапты. Дәрігерлер де айтпапты. Қазір сол аяғыңның ұйып тұруына осы жағдай себепші болып тұр» деп таңғалдырды. Ем-домын жасап, дұға оқып бергені сол еді, ұйып тұрған аяғыма жан бітіп, қан қысымым да бірден қалыпқа түсті. Ал, екі-үш мәрте еміне барғаннан соң дәрігерлер жылдап түсіре алмай жүрген қан қысымым із-түссіз жоғалды. Осылайша, төсек тартуға сәл-ақ қалған мені емші аяғыма қайта тұрғызды. Жуырда бірінші сыныпта оқып жүрген ұлым кенеттен науқастанып, оның да емін Динара тапты. Баламды бір көргеннен назарланып қалғанын, алайда тіл-көз ішке түспегенін айтып, қолымен арқасы мен ішін сипап көрсетті. Демін салды. Ұлымды үйге әкеліп шомылдырмақ ниетте жейдесін шешкенімде Динара қолымен сипап көрсеткен жердің барлығын қара жара басқанын, кейбір тұстары терімен бірге сыпырылып жатқанын көріп, таңданбасқа амалым қалмады. Осы кезде Динараның «тіл-көз ішке түспепті» деген сөзі есіме түсіп, емшінің қасиетіне шүбәсіз сендім.
Сөйтіп, жалғыз ұлымның еміне себепші болған Динара Орынтайқызы жайлы жазуды жөн көрдім. Ол 1984 жылы кішкентай Динара әлдебір дертке душар болып, талма ауруына ұшырапты. 14 жасар жасөспірім қызға дәрігерлер «елірме» (эпилепсия) деген диагноз қояды. Ауруханада ем қонбаған соң, Динараны анасы Талас ауданы, Майтөбе ауылындағы атақты емші, көріпкел Қожағаппарға апармақшы болады. Динараның әкесі қызын емшіге қаратуына әйеліне қарсылық білдіреді.
Әйелі күйеуін тыңдамай қояды. «Онда көлік бермеймін» дейді ашуға булыққан әкесі. Сонда анасы жаяу шыға жөнеледі. Әкесі қызы мен әйелінің соңынан көлік жібереді.
Танымал көріпкел Қожағаппарға қаралу үшін кезекте тұрған адамдардың бірі «Байқадамнан 14 жасар қыз келу керек» деп еді, көріпкел ата. Сіздер болсаңыздар кіріңіздер» деп Динараны анасымен бірге ішке кіргізіп жібереді. Қожағаппар қария бірден «Жаяу барамын деп едіңдер ғой? Неге жаяу келмедіңдер? Сонша күттірдіңдер» деп күлімсіреп, қарсы алыпты. Жас қызға шіріткі жазып береді де: «Кейін емші боласың. 18-ге толғанда тірі болсам көрерсің» деп шығарып салады.
Динара расында Қожағаппар атаға қаралған соң, талма ауруынан жазылады. Мектеп бітіріп, Жамбыл қаласындағы медициналық училищеге оқуға түседі.
Динара студент кезінде қасындағы қыздардың өмірін ақ қағазға қарап айтып береді. Ақ қағаздан қараса болды, қасындағы адамның өмірі кино лентасынан өткендей анық көрінеді екен. Туғаннан оң көзінің қарашығы қисық орналасқан Динараға көз дәрігері Овсянникова ота жасап беруге келіседі де, Динара көзіне жасалатын ота туралы әке-шешесіне айтпайды.Овсянникова ота жасап жатқанда қыздың аяғы қатты ауырады. Отадан кейін Динараның қарашығы орнына келгенімен, ол енді жүре алмайтын халге жетеді. Белінен төмен қарай буыны ұстамайды. Ата-анасы сал болып қалған қызын жер-көктің дәрігеріне көрсетеді.
Динара жазылмайды. Қайта күннен күнге нашарлай түседі. Екі жылға жуық төсек тартып жатқанда Жамбыл қаласының тұрғыны Мыңбаев Бектұр есімді емшіге көтеріп алып келеді.
«Құдай қаласа үлкен емші болады. Дәрігерлер көп қинаған екен. Тоғыз күн емдеймін» дейді Бектұр емші. Сөйтіп, Бектұр қарияның емі қонған қыз ауылына өза яғымен келіп, ең алғаш қатерлі ісік ауыруына шалдыққан, 14 жасар Мадина есімді қызды емдей бастайды.
* Сен әлі –ақ шауып кетесің. Жанұя құрасың. Қызметкер боласың деп «Фатиха» мен «Ықылас» сүресін оқыдым. Бірақ Мадинаның шешесі: «қызың жазылады дегеніме сенбей, неге үміт сыйлап тұрсың? Дәрігерлер үмітін үзген қызды неге үміттендіріп тұрсың?» деп жылағаны әлі есімде. Мадинаны аяғынан тік тұрғыздым. Бүгінде үлкен қызметкер – дейді өз сөзінде Динара емші.
Динараны арнайы білімі бар мамандар көзінде рентген сәулесінің ұшқындарындай күш бар деп тапқан. Ол Қазақстан Республикасының Халық және рухани емшілері мекемесінің толық мүшесі. Бүгінде түрлі ауруға шипа тауып жүрген емшінің ұялы телефоны:
87718569315
87756950640