Қай жеріңіз ауыратынын, ағзаңыздың қай бөлігінде қандай сырқат барын дәрігердің көмегінсіз, өзіңіз біле аласыз ба? Қалай? Бәлкім өз әдістеріңіз бар шығар? Ал біз қолыңызға қарап анықтау тәсілдерін ұсынбақпыз.

Түсіне мән беріңіз:

-Саусағыңыздың қанқызыл түсті болуы асқорыту жүйесіндегі олқылықтың белгісі.

-Қою қызыл түске енсе, бүйректің сырқатын білдіреді.

-Қалқанша безі қызметі нашарлағанда саусақтар арасында түйіндер пайда болады.

-Сұқ саусақтың сыртқы қабаты қатайып, құрғап кетсе, өт қабының ауруынан хабар береді.

Сонымен қатар, тырнақтар да ағзамыздың өзгерістері жайлы бірнеше ақпарат бере алады.

*Егер тырнағыңыз көгілдір тартып, ағарып немесе терінің өз түсіндей қалыпқа енсе, қанайналым жүйесі дұрыс жұмыс істемейді деген сөз.

*Тырнақ бетінің қыртыстанып, сызық түсуі – дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады.

*Дұрыс жоспарланбаған, дұрыс қолданылмаған диета салдарынан тырнақ жұқарып, тегістігін жоғалтады. Майысып, жанынан қарағанда ойық секілді көрінеді.

*Ең қиыны – тырнақтың сынуы. Оған тазалыққа арналған химиялық қоспалардың да ықпалы болады. Дегенмен көбінде гинекологиялық аурулары бар адамдарда тырнақтың сынуы жиі байқалады.

*Тырнақтағы ақшыл дақтардың пайда болуы қан құрамындағы қанттың тым көп мөлшерде болуымен байланысты. Ал сары дақтар – май алмасу немесе тыныс алу жолдары сырқатының белгісі.

*Майысқыш тырнақтар анемияның белгісі. Яғни, ағзғада темір жетіспеушілігі бар.

Тырнақ аптасына 1 мм-ге ұзарып отырады. Демек оның саусақтағы барлық уақыты 6 айды құрайды 

 

Дереккөз: "Alashinform" ақпараттық агенттіг