Тоңазытқыштағы жағымсыз иіс – бұл әрбір үй шаруасындағы әйелдің бетпе-бет келетін проблемасы. Оның пайда болу себептері қандай және одан қалай құтылуға болатынын осы мақаламыздан оқып біліңіздер. Тоңазытқыштағы жағымсыз иістің пайда болуына не себеп болуы мүмкін?

Бүлінген азық-түлік. Тоңазытқышта жағымсыз иістің пайда болуының ең көп таралған себебі – бұл әрине баяғыда-ақ бұзылып, оны сіз лақтыруды ұмытып кеткен азық-түліктер.

Электрдегі проблемалар. Электр энергиясында іркіліс болған кезде тоңазытқыш мұзы ериді. Соған сәйкес қатыру камерасында жатқан азық-түлік өте былжырап ери бастайды. Соның салдарынан жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін.

Жаңа тоңазытқыш. Егер сіз жаңа тоңазытқыш сатып алып, орнатқан болсаңыз, онда алғашқы уақытта пластик пен резеңкенің барынша жағымсыз иісі мазаңызды алуы мүмкін.

Бірнеше азық-түлік иісінің араласуы. Тоңазытқышта жағымсыз иістің пайда болуының тағы бір себебі бірнеше күшті иістің араласуы болып саналады. Мұндай жайт егер азық-түлікті ашық күйде сақатйтын болсаңыз пайда болады.

Төгу тесігінің бітелуі. Су ағатын тесік бітеліп қалған жағдайда су тұрып қалады. Ал мұндай кезде жағымсыз иістен қашып құтыла алмайсыз.

Ұзақ уақыт тоқтан ажыратылған тоңазытқыш. Егер сіз түрлі себептермен тоңазытқышты айтарлықтай ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз онда  көгерген жерлер мен жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін.

Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай құтылуға болады.  

Ең алыдмен жағымсыз иістің шығу себебін анықтап алу қажет. Кейде мұндай себептердің бірнеше болуы да ықтимал. Сондықтан да  бүлінген азық-түлікті лақтырып тастағаннан кейін де жағымсыз иіс қалып жатса таң қалмаңыз.
1. Тоңазытқышта тұрған азық-түлікті тексеріңіз. Тоңазытқыштағы барлық азық-түлікті шығарып, оларды тыңғылықты қарап шығыңыз. Бүлінген өнімнің барлығын тастаңыз.
2. Тоңазытқышты ерітіп, оны жақсылап жуып алыңыз. Тоңазытқышты еріткеннен кейін оны барынша жақсылап жуып алуыңыз қажет. Бұл үшін сіз дүкеннен сатып алынған арнайы сұйықтықтарды пайдалана аласыз. Сонымен  қатар ас содасынан немесе сірке қышқылынан (1 литр суға 1 ас қасық сода/сірке қышқылы)  ерітінші жасауға да болады.
3. Тоңазытқышты жуғаннан кейін ылғалдан құтылу үшін оны құрғақ шүберекпен сүртіп алуды естен шығармаңыз. Тоңазытқышты жуғаннан кейін бірден есігін жауып қоймаңыз. Желдету үшін екі сағатқа есігін ашық қалдырыңыз.
4. Азық-түлікті дұрыс сақтаңыз. Азық-түліктерді жеке, ауызы тығыз жабылатын ыдыста сақтаңыз. Соның арқасында азық-түлік те, тоңазытқыш та өзге иістерді сіңірмейтін болады.
5. Тоңазытқышқа жағымсыз иістерді жоятын азық-түлік салыңыз. Иісті жою үшін тоңазытқышқа не қоюға болады:

Лимон тілімі;
Қара нан тілімі;
Тұз;
Апельсин кабығы;
Кофе түйіршігі;
Үгітілген белсендірілген көмір.

Дереккөзі: lady.tochka.net