Күніне үш шынаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді түрлі аурулардан қорғай аласыз. Себебі, қара шай стрептококка және лактобактерия деп аталатын дертке шалдықтыратын екі түрлі бактерия мен тісжегіден қорғайды дейді ғалымдар.
Тіс дәрігерлері бұл бактериялар қызыл иекті зақымдайды деп отыр. Алайда, зерттеу тобының жетекшісі доктор Кэрри Ракстон күнделікті ішетін шай көлемі 3-4 кеседен аспауы тиіс екендігін алға тартты.
Бір қызығы, қара шайға қант қоссаңыз да, ол бактерияларды жоятын қасиетінен айрылмайды. Сондай-ақ, көк шай да осындай қабілетке ие, әрі ауыздан шығатын жағымсыз иістердің алдын алады.
Флавоноид және катехин секілді антиоксиданттардан тұратын сусын микробқа қарсы күресудің бірден-бір құралы. Британ тағамтану қорының журналына жариялаған мақаласында доктор Рокстон шай ішу тістің түсуінен сақтайды деп отыр.