Саумал – жаңа сауылған бие сүтi. Одан қымыз ашытылады. Кейде суытып, қымыздың қорына қосылатын сүтiн «саумал» деп те атайды.
Сүтті сауғанда қалайы ыдысқа сауса шипалық қасиетін тез жояды. Саумалды қыш ыдысқа, я ысталған қауаққа сауады. Тағы бір ескерер жәйт саумалды бiр ыдыстан ,келесi ыдысқа қотарып мазалай бермейдi. Саумал, қымыздың емдік қасиетiне - жылқының жайылымы, жеген шөбi, iшкен суы мен ауасынының да әсері бар.
Саумалдың шипалық қасиетi қырыққа жуық аурудың алдын алады. Әсiресе, асқазан, қырыққатпаршақ, өт, бауыр, тоқiшек қабынуын көзiн тауып емдейді. Қан кеселiне тосқауыл, «қанның сүзгiсi» Еркектік қуатты арттырады. Қан қысымын ретке келтіреді. Ағзаның ауруға қарсы белсенділігін күшейтеді. Рак клеткаларына тосқауыл болады. Буын ауруларына пайдасы тиеді.
Желі басында саумалға келіп, дерттеріне шипа іздеген жандармен сұхбаттасып , саумалдың емдік қасиетіне көз жеткіздік :Ақтау қаласының тұрғыны Айбек Сержан , 3-4- жылдан бері саумалды ішіп, пайдасын
Ақтау қаласы, Маңғыстау селосының тұрғыны Исенбаев Қаржаубай : "Аяқ, қолдарымның буындары қақсайтын еді, жатқанда қолдарым ұйып қалатын , асқазаным ауыратын , солардың бәрі саумал ішкенен кейін қалды. Саумал ішкенде өзімді жеңіл сезінемін.Бұрын жыл сайын өтетінмедициналық тексеруден жүрегің әлсіз, қан қысымың бар деп әрең өтуші едім.Саумал ішкелі медициналық бақылаудың барлығынан өте жақсы деген қорытындымен өтіп жүрмін. Саумалды үш жылдан бері ішемін"- деді.
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау -4 селосының тұрғыны Дайрабеков Жұман: "Саумал ішіп жүргеніме 3-4- күн болды. Асқазаным, бауырым ауырады.Үш күн дегенде асқазанымның ауырғаны басылды.Бүгін жақсымын. Енді екі мезгіл ішейін деп отырмын. Саумал жалпы асқазан, бауыры ауыратындарға өте жақсы шипасы бар екен. Соған көзім жетті "- деді.
Желі басында ауруына шипа тауып, осы саумалдан жазылған соң, ауырмас үшін жылдап ішіп жүргендерді кездестіруге болады. Түрлі дертіне , саумалдан ем іздеген көпшілікпен жылы қоштастық.
Ата -бабамыз жылқының етін жеп, қымызын ішіп, саумалын сауып, көлік қып мініп ,жылқы мен қазақ егіз екенін дәлелдеп -ақ кеткен. Жылқы мен қазақ егіз ұғым. Бөле -жара қарауға ешкімнің дәті бармайды.
Айсұлу Кеңесбай